Несиелер
БТА Банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады.
БТА Банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары
- Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
- Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
- Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
- Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
- Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
БТА несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:
Ипотекалық несиелендіру
Ипотекалық несиелендіру-сіздің отбасыңыздың беріктігінің кепілі. Элитті тұрғын үйге, екінші деңгейлі рыноктан жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, сондай-ақ, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, табысты растайтын құжатсыз несие алуға, т.б. қызметтердің кең ауқымды түрлеріне ие болу.
"Любимая"несие желісі!"
БТА Банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая"несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Сіз бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.
Автонесиелеу
БТА Банкінен жаңа және тиімді үлгідегі автонесиелендіруді алыңыз!
Алғашқы жарна 15 пайыздан басталады, сондай-ақ, аз мөлшерде құжаттар, несие бойынша тамаша мөлшерлеме, несиелендіру мерзімі 5 жылға дейін, несиені айыппұлсыз мерзімінен бұрын жедел өтеу (6 айдан кейін), кең филиалды жүйе және сіздің жүргізушілік стажыңызды талап етпейміз – осының бәрі БТА Банкінің автонесиелендіруі.
Біз өз клиенттерімізге тамаша шарттар ұсынамыз, келіңіздер!
Әмбебап Факультеті
Армандаған біліміңді алғың келеді ме? БТА Банкі Сенің арманыңды орындайды! Әлемнің кез-келген еліндегі оқу орны сенікі!
«Әмбебап факультет» несие оқу бағдарламасын ұсынамыз, «Бакалавр» «Маман» және «Магистр» бағдарламалары бойынша білім алу.
Жедел желі
БТА Банкі жедел несиелендірудің әр алуан бағдарламаларын ұсынады, олар Сізге жаңа жиһаз, немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-да оқу ақысын төлеуге, көптеген салтанатты шараларды және тағы басқа мүмкіндіктерді береді.
Қалаулы несие (жедел несиелендіру)
Қалаулы несие – Алматы қ. тұрғындарына арналған жедел несиелендірудің жаңа бағдарламасы.
Сіз жоғары сапалы әрі сәнді жиһаз алғыңыз келеді, бірақ та қолда бар қаражатыңыз жеткіліксіз бе?
БТА Банкінің Қалаулы несиесі – сіздің мәселелеріңіздің тамаша шешімі!


