Салымдар
БТА Банкі депозиттері – ең сенімді депозиттер. Біздің банк Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттер) міндетті кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің алғашқы қатысушысы болып табылады және 17.03.2008 жылғы №001 Куәлігі негізінде әрекет етеді. БТА Банкінің барлық депозиттері Қазақстандық салымдарға кепілдік беру қорымен сақтандырылған.
БТА Банкінде депозитті ашу сәтінен бастап Сіз өз салымыңыздың ағымдағы жай-күйі жөніндегі өзіңізді қызықтыратын кез келген ақпаратты алу құқығына ие боласыз.
БТА Банкінің Қазақстан аумағында бөлімшелерінің кең желісі бар, олардың кез келгенінде Сіз депозит аша аласыз. Осылайша, Сізге депозитті ресімдеу үшін үйіңізден алысқа кетудің қажеті жоқ. Тағы бір айрықша ерекшелігі мынада, яғни депозитті сізге жақын орналасқан кез келген бөлімшеде (нақты бір бөлімшеге беркітпей-ақ) ашуға, сондай-ақ жабуға болады. Сондай-ақ клиенттерімізге қолайлылық туындату үшін, шынайы уақыт режимінде депозитті Интернет арқылы толықтыру қызметі әрекет етеді.
БТА Банкі көптеген жылдар бойына жеке тұлғаларға арналған депозиттер нарығындағы көшбасшылардың бірі болып әрекет етеді.
Ақшалай қаражаттарды орналастыру мерзімдерінің кең таңдауы Сіздерге нақты таңдалған мерзімге ақшалай қаражаттар қозғалысын жоспарлауға мүмкіндік береді.
БТА депозиттердің келесі түрлерін ұсынады:
"Platinum" депозиті
Ерекше жеңілдіктердің жиынтығы. Ыңғайлы сервис пен жеке қызметті қалайсыз ба? Онда сізге «Platinum» депозитін аштыру қажет.
Депозитті рәсімдеу кезінде Сізге банктегі мүддеңізді білдіретін персоналды менеджердің шоты беріледі. Өзіңізді банктің ерекше клиенті екендігіңізді сезініңіз!
"Формула Успеха" депозиті
Депозит бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер ғана көрсетілмеген, сондай-ақ, салым шотынан қажетті уақытта керекті соманы алуға, қаржылай сыйақы алуға, қосымша салымдарды енгізуге мүмкіндіктері бар. Ал сыйақыға салымшылар Visa және MasterCard төлем карталарын алады. Ай сайынғы ұтыс 100 ақшалай сыйлық, басты сыйлық - 1 000 000 теңге.
"Формула Успеха-Капитал" депозиті
Депозит бойынша оның әрекет етуінің бүкіл мерзімі ішінде сыйақының тұрақты мөлшерлемесі қарастырылады. Салымды бір, екі немесе үш валютада бір мезетте ашу: теңге, АҚШ доллары, евро.
"Выгодный курс" депозиті
Выгодный курс мультивалюталы депозитін ресімдей отырып, сіз ақшалай қаражатыңызды рыноктық бағамнан ұтымды болатын жеңілдікті бағам бойынша айырбастау мүмкіндігіне ие боласыз.
"Пенсионный" депозиті
Елеулі жас - тиімді пайыз.
Депозит 50 жасқа толған немесе зейнеткерлік уақытқа жеткен адамдарға арналып рәсімделеді. «Пенсионный» депозиті бұл: төменгі алғашқы жарна, қаржыны орналастырудың ауқымды мерзімі, шотыңыздан кез-келген уақытта қалаған сомаңызды алу мүмкіндігі, қаржылай сыйақыға ие болу, салымды мерзімінен бұрын бұзған жағдайда жеңілдіктер мүмкіндігі.
«Пенсионный» депозиті – сіздің зейнетақыңызға үстеме пайда.
"Детский мультивалютный" депозиті
Сіздің балаларыңыздың жарқын болашағы!
"Детский" депозиті сіз балаларыңыздың болашағын жасауыңыз үшін арнайы құрылды.
"Sprint" депозиті
Қысқа мерзімге сізде ақша пайда болды ма?
Ондай жағдайда "Sprint" депозиті сізге ақшаңызды сақтауға мүмкіндік береді. Тек сақтап қана қоймай, қысқа мерзімде қосымша кіріс те алып келеді. Салым мерзімі 7 күннен 60 күнге дейінгі аралық.
Қысқа мерзімде мол қаржыға ие болыңыз!
"Дружба" депозиті
Рубльді сақтайды.
Жаңа депозит Сіздерге ақшаны ресей рублінде сақтауға және жинақтауға мүмкіндік береді.
"Антиинфляционный" депозиті
Егер Сіз БТА-мен болсаңыз, түк емес ақша үшін инфляцияңыз! Салым үшін сыйақы инфляцияны ескере отырып, төленеді.
Депозит 24
БТА Банкі сіздерге "Депозит 24" салымын ұсынады, бұл тәулік бойына қол жетімді депозит. Депозитті ашу кезінде Сізге Visa Instant Electron халықаралық төлем карточкасы берілетін болады, ол депозитке қатысты кілт болып табылады. Карточка кез келген уақытта депозитті толықтыру, сондай-ақ банкоматтар мен "Cash & Pay" төлемдерді қабылдау құрылғылары көмегімен депозиттегі ақшаны пайдалануға мүмкіндік береді.
"До востребования" депозиті
Салымның ерекшелігі - қалаған уақытыңызда депозитке салған ақшаңызды толықтай пайыздық мөлшерлемесімен алуыңызға мүмкіндік береді. "До востребования" салымы Сізге қолма-қол ақшасыз қаржы аудару мүмкіндігін қолдануға, қолма-қол ақшасыз айырбастауға, қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге мүмкіндік береді.


