Главная

Ақша аударымдары

Сізге Қазақстан бойынша немесе әлемнің кез-келген елінен қауіпсіз және сенімді жерден жедел ақша аудару/алу қажет пе?
Олай болса БТА Банкінің жедел ақша аударылымы жүйесін қолданыңыздар.

«БТА Банкі» АҚ Қазақстан бойынша және әлемнің кез-келген нүктесінен ақша аудару қызметін ұсынады.

БТА-ның ақша аударымдарының басты артықшылықтары:

  • ақша аударымы үшін көрсетілетін қызметақының төменділігі;
  • ақша аударымдарының жеделдігі;
  • Жіберуші мен Алушы үшін құжаттардың оңай рәсімделуі;
  • Қазақстан бойынша есеп-айырысу кассалық бөлімшелерінің ауқымды желілері;

«БТА Банкі» АҚ өз клиенттеріне жеделдетілген, сенімді, ыңғайлы және салыстырмалы түрде едәуір арзан қызмет түрлерін ұсынады. Бүкіл Қазақстан бойынша миллиондаған адамдар БТА Банктің ақша аудару қызметіне сенеді.

«БТА Банкі» АҚ-ның ақша аударымдары

Ақша аударым түрлері:

  1. Қазақстан аумағындағы БТА Банкінің филиалдық желісі бойынша ақша аударымдарын жіберу/алу – филиаларалық аударымдар
    • ағымдағы шотты аштырмай-ақ - «Жедел аударым»;
    • ағымдағы шотты аштыру арқылы ақша аударымдарды жүзеге асыру.
  2. ҚР бойынша банктер арасындағы ақша аударымдары – ағымдағы шотты аштыру арқылы банкаралық ақша аударымды жүзеге асыру.
  3. Халықаралық ақша аударымдары:
    • «SWIFT» жүйесі бойынша ағымдағы шотты аштыру және аштырмау арқылы,
    • "Western Union"
  4. Карточкалық ақша аударымдары:
    • Банкомат арқылы аударымдар жасау